jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сарапшылар: Елімізде қолма-қол ақшамен есеп айырасатындар саны артты

    Әмиян мен ақша
    Әмиян мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен жиі төлем жасай бастады. Былтыр халықтың 25,6 пайызы қолма-қол ақшамен есеп айырысса, қазір бұл көрсеткіш 37,6 пайызға жетті. Ел тұрғындарының қаржылық әдеттері туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқыңыз.

    Қазақстандықтардың көбі, әсіресе жастар, қолма-қол ақшасыз төлемді жөн көреді. FinGramota медиа порталының мәліметі бойынша, 2025 жылы қолма-қол ақшасыз төлемді қолдаушылардың үлесі 39 пайыз болған. Жастар арасында бұл көрсеткіш 40,2 пайызды құрайды.

    Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемнің өсуімен қатар, қолма-қол ақшаны жөн көретіндердің үлесі де айтарлықтай өсті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 25,6 пайыз болса, биыл 37,6 пайызға дейін өсті.

    Осылайша 2025 жылы елде қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз төлем арасында айқын теңдік байқалады. Барлық жас топтары арасында қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз төлемнің арақатынасы шамамен 37-39 пайыз шамасында.

    Қазақстандықтардың қаржылық әдеттері қандай

    Басқа қаржылық әдеттермен қатар сарапшылар қазақстандықтардың ақша жинақтауға деген ұмтылысын ерекше атап өткен. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 36,4 пайызы барлық шығынын өтеп болған соң жинақтауға артық қаражат қалғанын көрсеткен. Ал былтыр жинақтауға мүмкіндігі бар азаматтардың үлесі 31,5 пайыз еді.

    Көбінесе азаматтар жинақ үшін депозит құралын жөн көреді – 21,6 пайыз. Респонденттердің 12,4 пайызы бағалы қағаздарға инвестиция салады, 11,6 пайызы қаражатын криптовалютада сақтайды, ал 11,8 пайызы жылжымайтын мүлікке инвестиция салады. Сауалнамаға қатысқандардың тек 0,5 пайызы зейнетақы жинақтарын таңдайды.

    Бұған дейін қолма-қол ақшаны банкте емес, үйде сақтайтын қазақстандықтардың үлесі айтарлықтай өскені туралы хабарланған еді. Жалпы азаматтардың 38,6 пайызы үнемі ақша жинайды: 19,1 пайызы белгілі бір соманы, ал 19,5 пайызы түрлі соманы жинайтынын көрсеткен.

    Азаматтардың 19,8 пайызы мүлдем ақша жинамайды, бұл сарапшылардың пікірінше, табыс теңсіздігінің тұрақтылығын көрсетеді. Респонденттердің 34,4 пайызы табысы жеткіліксіз болатын жағдайға жиі тап болатынын айтқан, ал 32,4 пайызы табысы кейде жетпейтінін көрсеткен. Олар достарынан (32,8 пайыз) немесе микроқаржы ұйымдарынан (27 пайыз) қарызға ақша алады.

    Сарапшылар 2025 жылы бұрынғы жылдармен салыстырғанда Қазақстан халқының қаржылық тұрғыдан сауаты сәл де болса артты деп санауға болатынын атап өтеді – қаржылық сауаттылық индексі бір жыл ішінде 41,2 пайыздан 41,5 пайызға дейін өсті.

    Сарапшылар: Елімізде қолма-қол ақшамен есеп айырасатындар саны артты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.