jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қаржы министрі азық-түлік қымбаттағанын өзі де сезінгенін айтты

    Мәди Тәкиев
    Мәди Тәкиев. Фото: t.me/KZgovernment

    Қаржы министрі Мәди Такиев мәжіліс кулуарында дүкендердегі бағалар туралы пікір білдіріп, бағаның өскенін өзі де сезінгенін мойындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналистер министрден қандай да бір тауар бағасының өскенін байқаған-байқамағанын сұрады.

    "Иә, мысалы, азық-түлікке қатысты. Бәріміз базарға да, дүкенге де барамыз, біз (бағалардың өсіп жатқанын) байқап отырмыз. Мен кеше балалармен дүкенге бардым, олар Twix қымбаттағанын айтты", - деді министр.

    Сонымен қатар БАҚ өкілдері Мәди Тәкиевтен "қаржы министрі ретінде мемлекеттік қызметкерлердің ғана емес, жеке сектордағы қызметкерлердің де жалақысын көтеру туралы бастама көтере ме" деп сұрады.

    "Бұл азаматтық-құқықтық қатынастар, біз бизнес қызметіне араласа алмаймыз. Бірақ менің білуімше, барлық ірі бизнестің әлеуметтік міндеті бар, олар 13 және 14-айлық жалақы төлейді", - деді ол.

    Қаржы министрі азық-түлік қымбаттағанын өзі де сезінгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.