jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда темекінің ең төменгі шекті бағасы көтерілді

    Темекі ұсынып тұрған адам
    Темекі ұсынып тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі шекті бағасы көтерілді. Темекі мен қыздырылатын темекісі бар өнімдердің бір қорабы енді кемінде 970 теңге тұруы керек. Толығырақ KAZ.NUR.KZ порталынан оқыңыз.

    Қазақстанда алкогольдің бағасы сияқты темекі өнімдерінің де ең төменгі бағасы белгіленеді. Мысалы 2025 жылдың ортасынан бастап бір қорап темекінің бағасы 920 теңгеден кем болмауға тиіс еді.

    2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі шекті баға көтерілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 20 фильтрлі және фильтрсіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылған темекісі бар өнімдердің ең төменгі бөлшек саудадағы бағасы қазір 970 теңге шамасында, демек соңғы бекітілген бағадан 5,4 пайызға көтерілген.

    Қарапайым тілмен айтқанда, бұйрықта нарықтық баға емес, темекі өнімдерін одан төмен бағаға сатуға болмайтын шекті меже көрсетіледі – дүкендерде темекі, әдетте, одан әлдеқайда қымбат тұрады.

    Қазақстанда темекінің ең төменгі шекті бағасы көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.