jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қалпына келтірді: жөндеу жұмыстары аяқталды

    Танкер
    Кеме. Көрнекі фото: Paul Russel/Getty Images

    Каспий құбыр консорциумы өкілдері Теңіз терминалындағы негізгі нысандардың бірі – ВПУ-3 сыртқа шығарылған айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    КҚК мәліметіне сүйенсек, жоспарлы жұмыстар аясында мамандар су астындағы шлангтар мен құбырларды ауыстырып, кейін гидросынақ жүргізген. Тексеру аяқталған соң құрылғыға мұнай тиеу үшін танкер қойылған.

    Консорциум өкілдері жөндеу жұмыстары күрделі ауа райы мен гидрологиялық жағдайларда жүргізілгенін атап өтті. Қатты суасты ағыстары салдарынан сүңгуірлерге жұмысты бірнеше рет тоқтатуға тура келген. Сондай-ақ ВПУ-2 уақытша пайдаланудан шығарылғаннан кейін жөндеу мерзімдері қайта қаралған.

    Қазіргі уақытта Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары штаттық режимде ВПУ-1 және ВПУ-3 арқылы жалғасып жатыр. КТК мұндай айлақ кешендеріндегі шлангтарды қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін, әдетте, кемінде жылына бір рет ауыстырып отыратынын еске салды.

    Айта кетейік, бастапқыда ВПУ-3 жөндеуін 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған. Бұл құрылғы Қазақстан мұнайын экспорттау үшін аса маңызды нысан болып саналады.

    Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қалпына келтірді: жөндеу жұмыстары аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.