jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

    Бекнұр Несіпбаев, Нұрлан Смағұлов, Роман Скляр, Мустафа Аккари, Сын Хён Чан, Әлібек Қуантыров
    Бекнұр Несіпбаев, Нұрлан Смағұлов, Роман Скляр, Мустафа Аккари, Сын Хён Чан, Әлібек Қуантыров. Фото: Astana Motors

    4 ақпанда Астанада отандық Astana Motors компаниясы мен халықаралық серіктестер – Open Element (АҚШ) және Hands Corporation (Корея Республикасы) арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Келісім аясында компоненттерді, атап айтқанда алюминий дөңгелек дискілерін жоғары технологиялық өндіру жобасы көзделген.

    Меморандумға қол қою рәсіміне премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың және Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты. Құжатқа Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Hands Corporation компаниясының төрағасы Сын Хён Чан (Seung Hyun-chang) және Open Element негізін қалаушы және бас директоры Мұстафа Аккари (Mustapha Akkari) қол қойды.

    Меморандумға қол қою алдында ҚР Үкімет үйіндегі кездесу
    Меморандумға қол қою алдында ҚР Үкімет үйіндегі кездесу. Фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

    Аталған жоба автокөлік өнеркәсібінде локализацияны тереңдетуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Қазақстан, АҚШ және Корея Республикасының ірі компаниялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру елімізде өзара байланысқан салаларды дамыту мен автокомпоненттердің тұрақты экожүйесін қалыптастыру жолында маңызды қадам болмақ. Жоба заманауи зауыт салуды көздейді.

    Кәсіпорын Қазақстанда алюминий дөңгелек дискілерін өндіру бойынша толық технологиялық циклмен, оның ішінде озық инженерлік және өндірістік шешімдерді трансферлеуді қамтитын алғашқы заманауи өндіріс болады.

    Astana Motors құрамындағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында қолданылып жатқан Hands дискілері
    Astana Motors құрамындағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында қолданылып жатқан Hands дискілері. Фото: Astana Motors

    Кореялық Hands Corporation компаниясы – алюминий дөңгелек дискілерін әлемдегі жетекші өндірушілерінің бірі. 1972 жылы құрылған компания әлемдегі жетекші 6 өндірушінің қатарына кіреді және Оңтүстік Корея нарығының 60%-дан астамын алып отыр. Hands Corporation компаниясының Корея Республикасы, Қытай және Мароккода өндірістік нысандары бар, ал оның клиенттерінің қатарында Hyundai, Kia, GM, Ford, Volkswagen және Skoda сияқты жетекші автоөндірушілер бар.

    "Бізде сенімді технологиялар, масштаб және жаһандық түпнұсқа жабдықтар өндірушілерімен жұмыс істеу тәжірибеміз бар. Қазақстан біздің өндірістегі қатысуымызды кеңейту жолындағы келесі қисынды қадам болды", - деді Hands Corporation компаниясының төрағасы Сын-Хён Чан.

    Американдық Open Element – автокөлік компоненттерін өндіруді локализациялауға және масштабтауға маманданған компания.

    "Open Element компаниясында біз технология, адами капитал және ұзақ мерзімді сұраныс тоғысатын интеллектуалды өндірістік жеткізу тізбектерін құрамыз. Қазақстан дәл осы мүмкіндікті, яғни нақты өнеркәсіптік ауқымдылығы мен масштабталуға деген ұмтылысы бар нарықты ұсынады. Astana Motors компаниясымен серіктестік бұл тұжырымдамаға серпін береді. Компанияның автокөлік секторындағы көшбасшылығы, қолданыстағы өндірістік қуаты және жоғары сұраныс тұрақты, жаһандық бәсекеге қабілетті және болашаққа бағытталған жобаның негізін құрайды", - деп атап өтті Open Element негізін қалаушы және бас директоры Мустафа Аккари.

    Astana Motors құрамындағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Hands дискілерін орнату жұмыстары
    Astana Motors құрамындағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Hands дискілерін орнату жұмыстары. Фото: Astana Motors

    Шетелдік серіктестердің пікірінше, инвестициялық орын ретінде Қазақстанды таңдау экономикалық және стратегиялық факторлардың үйлесіміне байланысты болды. Қазіргі уақытта Қазақстан автокомпоненттер импортына тәуелділігі жоғары болуына қарамастан, автокөлік өндірісінде тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Бұл өндірісті локализациялауға объективті қажеттілік тудырады. Сонымен қатар шикізат базасының және дамыған алюминий секторының болуы қосымша фактор болды. Бұл Қазақстанда алюминий дискілерінің жергілікті өндірісін экономикалық тұрғыдан тиімді және бәсекеге қабілетті етеді.

    "Бірінші кезеңде зауыт өнімдері Astana Motors автокөлік зауыттарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Алдағы уақытта жоба ЕАЭО және ТМД елдерінде жеткізілімдерді ұлғайтуды және автоөнеркәсіптің басқа да қатысушыларымен жұмыс істеуді көздейді", - деп атап өтті Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

    Алюминий дөңгелек дискілерін өндіру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру Қазақстанның тек ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен қатар өңірлік нарықтар үшін де ірі автокомпоненттер өндірушісі және жеткізушісі рөліне көшу жөніндегі ұзақмерзімді стратегиясының бір бөлігі болып саналады.

    Astana Motors Корея мен АҚШ-тағы серіктестерімен бірге Қазақстанда дөңгелек дискілер өндірісін локализациялауды көздейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.