Құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттың орындалуы онлайн бақыланады
Опубликовано:
Қаржы министрлігі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алу мақсатында және мемлекеттік сатып алу процесіндегі жауапкершілікті арттыру үшін құрылыс саласында камералды бақылауды күшейтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша сатып алу келісімшартындағы міндеттемелердің тиісінше орындалуы онлайн режимде бақыланады.
"Пилоттық режимде төлемдер жасалғанға дейін іске асырылатын құрылыс саласындағы орындалған жұмыс актілеріне камералды бақылау функционалын іске қосу қолға алынды.
Егер де атқарылған жұмыстарды растайтын құжаттарға қатысты кемшіліктер анықталса, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті оларды жою бойынша міндетті түрде орындалуға тиіс хабарлама жолдайды", - дейді министрлік өкілдері.
Аталған шараларды іске асыру келісімшарттағы міндеттемелердің орындалуын проактивті форматта бақылауға мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2345085-qurylys-salasynda-memlekettik-satyp-alu-boiynsha-kelisimsharttyng-oryndaluy-onlain-rezhimde-baqylanatyn-boldy/