Елімізде мұнай-газ, электр және жылу энергетикасы саласындағы стратегиялық нысандарды қорғау күшейтіледі
Опубликовано:
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешенінің басшыларымен кеңес өткізіп, оның барысында еліміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандары мен энергетикалық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Ведомство басшысы ұлттық активтерді қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, мұнай-газ секторындағы, сондай-ақ электр және жылу энергетикасы саласындағы стратегиялық нысандарды қорғау бойынша кешенді жұмысты күшейтуді тапсырды.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "QazaqGaz" ҰК" АҚ, "KEGOC" АҚ, "PSA" ЖШС және "Самұрық-Энерго" АҚ өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар мен жоспарлар туралы баяндады.
Талқылау қорытындысы бойынша Ерлан Ақкенженов жауапты вице-министрлерге еліміздің энергетикалық секторының кепілді тұрақтылығын сақтау мақсатында қауіпсіздік мәселелерін жедел пысықтау үшін ұлттық компаниялармен және энергия кәсіпорындарымен тығыз іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2353068-elimizde-munai-gaz-elektr-zhane-zhylu-energetikasy-salasyndagy-strategiialyq-nysandardy-qorgau-kusheitiledi/