jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар коммуналдық қызмет ақысын төлей ме

    Түбіртек және ақша
    Түбіртек және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Көптеген қазақстандық су тасқыны салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Зардап шеккендерге қолдау көрсету аясында коммуналдық қызметтерді төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

    Көктемнің бастала салысымен Қазақстанның кейбір аймағында алапат су тасқыны болды: табиғи апат жүздеген үйді қиратты, кейбір жерлерде тіпті жермен жексен етті. Тіпті кей өңірлерде зардап шеккендер шатырларда тұруға мәжбүр.

    Мемлекет зардап шеккендерді қолдауға арналған түрлі шараларды жүзеге асыруда, оның ішінде қолданыстағы несиелердің төлемін кейінге қалдыру да бар.

    Дегенмен қолдау мұнымен бітпейді. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) мәліметінше, елде өңірлік су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың коммуналдық төлемдері бойынша да шаралар қабылданған.

    "ҚР үкіметі тұтынушыларға коммуналдық төлемдерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, бұл наурыз және сәуір айларының коммуналдық төлемдеріне қатысты болмақ. Оларды тұтынушылар кейінірек пайызсыз төлей алады", - делінген комитет хабарламасында.

    Айта кетейік, осы уақытқа дейін көптеген қазақстандықтар апат салдарынан бұл уақытта үйлерінде тұрмады, яғни осы кезеңде тұрғындарға электр жарығы, газ, су және жылу сияқты коммуналдық қызметтер көрсетілмеген.

    Коммуналдық компаниялар су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тізімі негізінде төлемдерді кейінге қалдырулары керек. Қазақстандықтар сұрақтар туындаса, тұрғылықты жеріндегі ТМРКбөліміне хабарласа алады:

    • Ақмола облысы: 8 (7162) 50-43-27;
    • Ақтөбе облысы: 8 (7132) 55-73-60;
    • Атырау облысы: 8 (7122)21-10-42;
    • Батыс Қазақстан облысы: 8 (7112) 25-13-25;
    • Қарағанды ​​облысы: 8 (7212) 41-52-96;
    • Қостанай облысы: 8 (7142) 53-52-40;
    • Павлодар облысы: 8 (7182) 32-12-04;
    • Солтүстік Қазақстан облысы: 8 (7152) 53-42-56;
    • Ұлытау облысы: 8 (7102)76-03-91.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың су тасқынынан зардап шеккен үйлері мемлекет есебінен қалпына келтірілетіні немесе толығымен қираса, жаңасы салынатыны белгілі болған.

    Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар коммуналдық қызмет ақысын төлей ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.