jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Мамандар Алматының ауасы көбіне неден ластанатынын айтты

    Жаз
    Алматы. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ҚР Экология министрлігі "Ашық НҚА" порталында экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының жобасын жариялады. Құжатта мамандар Қазақстандағы ауаның ластану себептерін атаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Экология министрлігінің өкілдері Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қоғамдық талқылауға шығарды.

    Құжатқа сәйкес, еліміздегі қатты бөлшектердің, азот оксидтері мен күкірт шығарындыларының маңызды көздерінің бірі көмірмен жылытылатын жеке тұрғын үй секторы және автокөліктер екені айтылған.

    Бұл ретте үй шаруашылықтарының иелігіндегі көліктің ең көп таралған түрі – жеңіл автомобиль, барлық көлік түрінің ішінде оның үлесі 96,2 пайызға тең.

    "Елдегі жеңіл автомобильдердің орташа жасы – 14 жыл, ал жүк көліктерінікі – 23 жыл. Ескірген автомобильдердің көбінің энергиялық тиімділігі төмен болғандықтан және зиянды заттардың, соның ішінде парникті газдардың шығарындыларын көп бөлетініне байланысты қоршаған ортаға сөзсіз кері әсерін тигізіп отыр", - дейді мамандар.

    Экологтар Алматыны мысалға келтірді. Мегаполисте барлық шығарындылардың 90 пайызы көлік секторына тиесілі болып отыр.

    Көлік құралдарының түрлері бойынша шығарындылар былайша бөлінген:

    • 1 пайыз электр көлігі;
    • 77 пайыз жеңіл көлік;
    • 22 пайыз автобустар.

    "Қазақстандағы ауа сапасы 2024 жылы, әсіресе ірі қалаларда алаңдаушылық туғызып отыр. Экологиялық жағдайды жақсарту және халықтың денсаулығын қорғау үшін ауаның ластануын төмендету жөніндегі шараларға тұрақты мониторинг жүргізу және іске асыру талап етіледі", - деп атап өтті Экология министрлігінің өкілдері.

    Мамандар Алматының ауасы көбіне неден ластанатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.