jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифі өзгереді

    АлматыЭнергоСбыт
    Сурет: АлматыЭнергоСбыт

    "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 2024 жылғы 15 қазаннан бастап электр энергияны бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 29,04 теңгеге дейін (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 32,52 теңге) көтерілгені туралы хабарлады.

    "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 2024 жылғы 15 қазаннан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін тариф өзгергенін хабарлады. Ол мына себептерге байланысты өзгерген:

    • 2024 жылғы 1 тамыздан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр энергиясын беру тарифінің 8,87-ден 11,40 теңге/кВтсағ-ға дейін өсуі;
    • 2024 жылғы 1 мамырдан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің 2,46 теңге/кВтсағ-тан 3,25 теңге/кВтсағ-ға дейін өсуі.

    Тұтынушылардың топтары бойынша:

    • 1-топ: электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 27,59 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 30,90 теңге);
    • 2-топ: электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 30,08 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 33,69 теңге);
    • 3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 30,47 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 34,13 теңге);
    • 4-топ: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушылар (ӘМАТ) – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 29,04 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 32,52 теңге).

    Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін пәтерде/ үйде тұрақты тұратын әрбір адамға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:

    • 1 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 25,06 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 28,07 теңге);
    • 2 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 33,11 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 37,08 теңге);
    • 3 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 41,39 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 46,36 теңге).
    Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифі өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.