jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Бақылау жалғасады": қазақстандықтардың шетелдегі мүлкі қалай тексеріледі

    Табыс пен мүлік декларациясы
    Көрнекі сурет: Pixabay.com

    Мемлекеттік кірістер комитеті өкілі қазақстандықтар табыстарын декларациялау аясында салық органдарынан шетелдегі мүлкін жасыруға әрекеттенсе не болатынын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілік кірістер департаментінің басшысы Дина Құсайыновадан мемлекеттік кірістер органдары қарапайым азаматтарды шетелде мүлкі бар-жоғын анықтау үшін қалай тексеретінін сұрады. Өйткені, соның негізінде табыс декларациясын тапсыру қажет пе, жоқ па деген шешім қабылданады.

    "Әлемдік тәжірибеде егер қандай да бір дереккөз оның мүлкі бар екенін көрсете алса, айталық, үшінші тұлғалардан адам туралы ақпарат алсақ, біз сұрау салуға құқылымыз", - деді Дина Құсайынова.

    Сондай-ақ ол БАҚ өкілінің "тексеру басталуы үшін біреудің ақпарат беруі керек пе" деген нақтылау сұрағына жауап берді.

    "Бұл дөрекі естіледі, бірақ солай. Әр азамат бойынша қандай мүлік алғанын, оның атына қандай мүлік тіркелгенін көреміз. Яғни бақылау жалғасады", - деді Құсайынова.

    Ол сондай-ақ 100-ден астам елмен халықаралық келісім-шарттар бар екенін, оның аясында салық органдары азаматтарымыз туралы ақпаратты, оның ішінде шетелдегі банк шоттарындағы қалдықтар туралы ақпаратты алатынын атап өтті.

    Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларация мәселесін үкіметке қайта қарауды тапсырған болатын. Кейін жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылатыны анықталды. Декларацияны тапсырмаған қалған санаттағы адамдардың шоттары бұғатталады.

    Кейін Мемлекеттік кірістер комитеті президент пен үкіметтің ұсынысы бойынша Қазақстанда кімдер міндетті декларация тапсырудан босатылатынын түсіндірді.

    "Бақылау жалғасады": қазақстандықтардың шетелдегі мүлкі қалай тексеріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.