jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік": кірістер комитеті блогерлерге жіберілген хабарламаларға қатысты түсінік берді

    декларция парағы
    Декларция парағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекттік кірістер комитетінің өкілдері салық міндеттемелеріне қатысты блогерлерге жіберілген хабарламаларға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекеттік кіріс органдары салық міндеттемелерін толық орындау мақсатында блогерлерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді тұрақты негізде жүргізеді.

    Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

    Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаға қатысты 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік анықталды, нәтижесінде ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында "кірістерді төмендету" бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді.

    Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігі тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет", - делінген Мемлекеттік кірістер комиттің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

    Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды.

    "Сонымен қатар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударамыз.

    Көрсетілген міндеттемелер Қазақстан Республикасының Конституциясында және Салық кодексінде белгіленген", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

    "53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік": кірістер комитеті блогерлерге жіберілген хабарламаларға қатысты түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.