RU
Қаржы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Үйтпесек, елді құлдыратамыз": экс-министр қазақстандықтар ҚҚС-ның көтерілуін "қабылдауы керек" деп санайды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салық есептеп отырған адам
Салықтарды есептеп отырған адам. Көрнекі фото: krisanapong detraphiphat/Getty Images

Мәжіліс отырысында экономист, экс-министр Жақсыбек Құлекеев ҚҚС-ны 16 пайызға дейін көтеру ұсынысын қолдап, бұл жағдайды "қабылдау қажеттігін" мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"16%-ға келістік - бұл жаман емес. Әрине мұны қабылдау керек, бұл менің пікірім, үйтпесек, жағдайды түземейміз. Елде салықты төлеуден жалтаруға жағдай жасасақ, оны бәрі пайдаланады - бүгінде ірі компаниялардың айналасында мыңдаған жеке кәсіпкер бар. Елде салықты төлеуден жалтаруды заңдастырдық. Сонда мемлекетті қалай қамтамасыз етеміз?

Мұны қазір концептуалды түрде шешуіміз керек. Алдағы 10 жылда бізде мұнайдан түсетін табыс әлі де болуы мүмкін, бірақ 10 жылдан кейін қалай болары үлкен сұрақ. Бұл табыс таусылғанда 10 жылдан кейін ел не болмақ? Біз құлдыраймыз. Бүгінде біз соған біртабан жақындап келеміз. Өте өкінішті", - деді Жақсыбек Құлекеев.

Ол жиналған салық деңгейі қазіргідей деңгейде қалса, елдің құлдырау мүмкіндігі жоғары бола түсетінін айтты.

"Оған қоса, біз бюджеттік тәртіпті, әсіресе былтыр өте төмен түсіріп жібердік, ресми мәліметтерге қараңызшы, біз қанша салық жинадық – өткен жылдармен салыстырғанда 5 есе аз жинадық. Жарайды, объективті және субъективті себептер бар, бірақ биылғы жылы осылай жұмыс істей берсек, алдағы бірнеше жылда елді толығымен құлдыратып жібереміз.

Өйткені, біз тым беріліп кеттік - бизнесмендердің қалтасына қол сұғып, жай ғана заңды-заңсыз жолмен олардың ақшасын аламыз. Бірақ олар да бұған шыдай алмайды. Оған ешкім шыдай алмайды. (…)

Бір сөзбен айтқанда, мен ҚҚС-ны көтеруді қолдаймын, бірақ жалғыз қалайтыным – елдегі бюджеттік тәртіпті оңтайландыру және арттыру. ҚҚС-тың орнын толтырмайтынымыз тұрғысынан да бірдеңе істеу керек, бірақ бұл масқара. Біз өз бизнесімізді өлтіріп жатырмыз", - деді Құлекеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2224268-uitpesek-eldi-quldyratamyz-eks-ministr-qazaqstandyqtar-qqs-tyng-koteriluin-qabyldauy-kerek-dep-sanaidy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif