Қазақстанда өзгенің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланғандар қалай анықталады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда өзгенің электронды цифрлы қолтаңбасын пайдаланғандар жауапкершілікке тартылады. Заң бұзушылық анықталса айыппұл салынады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.
2025 жылдың наурызынан Қазақстанда біреудің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланғандарға айыппұл салына бастады - бұрын жауапкершілік тек ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға заңсыз берген азаматтарға қарастырылған еді.
Сонымен қатар заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке деректерді қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту мерзімі де екі айдан бір жылға дейін ұзартылды.
Ал "Учет" порталының мәліметінше, бұл заңбұзушылық үшін барлығына бірдей айыппұл салынбайды – елімізде ЭЦҚ-ны пайдалануға толық мониторинг енгізілмеген, өйткені оны жүзеге асыру техникалық жағынан өте қиын.
Заңбұзушылар жеке жағдайларда анықталады. Мысалы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электрондық цифрлық қолтаңбаны беру фактілері туралы түрлі қылмыстық істерден, хабарламалардан, тергеу мен комиссиялардан біледі. Мұндай құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны берумен байланысты заңбұзушылықтар туралы ақпарат жиі кездеседі.
Ал сарапшылар бөтен біреудің электрондық цифрлық қолтаңбасын беру және пайдаланудың салдары ауыр екенін, айыппұл салынуы мүмкін заңсыз әрекет екенін айтады. Атап айтқанда, бөтен электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланған жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), 2025 жылы 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2231019-qazaqstanda-ozgening-elektrondyq-tsifrlyq-qoltangbasyn-paidalangandar-qalai-anyqtalady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде