"Салық 20 пайызға аз": қазақстандық кәсіпкерлерді қандай өзгерістер күтіп тұр
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енуіне байланысты салықтық әкімшілендіру тәсілдері өзгереді – ондағы талаптар жеңілдей түседі, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан үкіметінің Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жаңа Салық кодексінде салықтық әкімшілендіруді жаппай оңайлату көзделген:
- есептілік 30 пайызға, салық 20 пайызға аз;
- салықтық жеңілдіктер мен алымдарды оңтайландыру;
- салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері.
"Салықтық әкімшілендіруде де тәсілдер өзгереді. Бүгінгі күні, егер салық берешегін барлық мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы 6 АЕК шегінен бастап қолданылса, онда жаңа Салық кодексінде шара қолдану берешек мөлшеріне байланысты.
Маңызды мәселе — қарыз аз болса, бизнестің барлық қызметі бұғатталмайды. Егер ол 20 АЕК-ке дейінгі соманы құраса, онда тек салық берешегінің бар екендігі туралы құлаққағыс жіберіледі. Егер сома 20-дан 45 АЕК-ке дейін болса, онда хабарлама жіберіліп, ол өтелмеген жағдайда банктік шот бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассалық өкім қойылады. Егер берешек сомасы 45 АЕК-тен асатын болса, онда сауда-саттыққа шығарылатын мүлік тізімделеді. Сондай-ақ борышкердің дебиторлары есебінен берешекті өндіріп алу жұмысы жүргізіледі, - деді Ерлан Сағынаев.
Еске салсақ, мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2266753-salyq-20-paiyzga-az-qazaqstandyq-kasipkerlerdi-qandai-ozgerister-kutip-tur/