jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Серік Жұманғарин: Кім оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген болса, сол режимде қалады

    Салық декларациясы
    Салық декларациясы. Иллюстрациялық фото: Pra-chid/Getty Images

    Оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін жағдай өзгермейді. Бұл туралы Жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар барысында вице-премьер Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Астана қаласында 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша республикалық семинарлар сериясы аяқталды.

    Қорытынды іс-шараға премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан.

    Өз сөзінде Серік Жұманғарин бизнес үшін маңызды мәселелердің бірі – арнайы салық режимдерін қолдану туралы егжей-тегжейлі тоқталған.

    "Мұндағы басты қағида: бұған дейін кім оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген болса, сол режимде қалады", - деді вице-премьер.

    Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі үшін ерекше ережелер енгізілуде. Вице-премьер түпкі тұтынушымен тікелей жұмыс істейтін кәсіпорындарға оңайлатылған салық режимін қолдануға рұқсат етілетінін айтты.

    "Өңдеу өнеркәсібінің бір бөлігіне рұқсат береміз. Ең алдымен, ол кәсіпорын офсетте немесе ірі кәсіпорындар үшін жеткізуші болып саналмайтын B2C секторына бағытталған болуы тиіс", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

    Аталған сектордың қалған бөлігі үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдану көзделген. Бұл тәсіл мұндай кәсіпорындар үшін қолданыстағы салықтық ынталандыру шараларының бар екенімен байланысты, соның ішінде оларға өндірістік мақсаттағы импорт тауарлар бойынша ҚҚС есептеледі және жаңғырту жұмыстары кезінде салық алынбайды. Саланы мемлекеттік қаржылық қолдаудың ауқымды шараларын жүзеге асыру да негізгі фактор болып саналады.

    "Біз даму институттары бойынша ауқымды бағдарламаны бастадық. "Бәйтеректі" капиталдандыру биыл 1 трлн теңгеге жуықтады, ал үш жылдық бюджетке жыл сайын 1 трлн теңгеден салып отырмыз. Біздің бизнеске, соның ішінде негізінен өңдеу өнеркәсібіне жасап отырған қолдау шараларымыз қомақты қаржыны талап етеді. Сол себепті жалпы алғанда өңдеу саласы қолдаудан шет қалмайды деуге болады", - дейді Серік Жұманғарин.

    Серік Жұманғарин: Кім оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген болса, сол режимде қалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.