jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жұманғарин көлік, қойма және пошта қызметіне арналған оңайлатылған салық режимі туралы айтты

    почта қызметкері
    Почта қызметкері. Иллюстрациялық фото: David L. Ryan/The Boston Globe/Getty Images

    Жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар барысында вице-премьер Серік Жұманғарин көлік, қоймаға сақтау және жалға беру сияқты салаларға қандай тәсіл қолданылатынын айтты. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Серік Жұманғаринның айтуынша, мұнда оңайлатылған салық режимін қолдануға толық тыйым немесе рұқсат болмайды. Бизнестің ауқымына қарай бірте-бірте алмастыра отырып жүзеге асыру, яғни "градация қағидатын" енгізу жоспарланып жатыр.

    Вице-премьердің түсіндіруінше, критерийлер ЭҚЖЖ анықтамалығына сәйкес нақты қызмет түріне байланысты болады. Негізгі мақсат – шағын бизнесті бір саладағы ірі бизнестен бөліп алу.

    "Әрине, бәрі көлік түріне байланысты болады. Егер кәсіпкер жеке қызмет көрсетсе, оған рұқсат етіледі. Ал белгілі бір градация үшін бұл жалпыға бірдей белгіленген режимге көшу қажет болатын қызмет түріне жатады", - дейді премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

    Айта кетелік, бүгінгі семинарда Серік Жұманғарин оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген кәсіпкерлердің басым бөлігі үшін жағдай өзгермейтінін айтқан еді.

    Жұманғарин көлік, қойма және пошта қызметіне арналған оңайлатылған салық режимі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.