jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда "жеңілдетілген" салық режимімен кім жұмыс істей алады: толық тізім жарияланды

    лупамен оқып тұрған ер адам
    Парақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: stevanovicigor/Getty Images

    Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл туралы үкімет қаулысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZхабарлайды.

    "Қоса беріліп отырған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

    Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген үкімет қаулысында.

    Тізімге 40 қызмет түрі енген:

    1. Мал шаруашылығына тән қызмет;
    2. Музыкалық аспаптар өндірісі;
    3. Сылақ жұмыстары;
    4. Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары;
    5. Еден жабыны және қабырғаларды қаптау;
    6. Сырлау және шыны салу жұмыстары;
    7. Желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда;
    8. Такси қызметі;
    9. Өзге де пошталық және курьерлік қызметі (өзге пошта қызметін қоспағанда);
    10. Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу;
    11. Жекеменшік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару;
    12. Фотосурет саласындағы қызмет;
    13. Ауызша және жазбаша аударма қызметі;
    14. Ветеринариялық қызмет;
    15. Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және олардың лизингі;
    16. Тұрғын үйлерді жалпы жинау;
    17. Басқа топтарға қосылмаған, қосымша коммерциялық қызмет көрсету бойынша өзге де қызметтер (интернет-платформа арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ғана);
    18. Спорт және демалыс саласында білім беру;
    19. Мәдениет саласындағы білім беру;
    20. Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет;
    21. Көркем және әдеби шығармашылық;
    22. Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу;
    23. Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу;
    24. Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу;
    25. Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу;
    26. Аяқ киім жөндеу;
    27. Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу;
    28. Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу;
    29. Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу;
    30. Зергерлік бұйымдарды жөндеу;
    31. Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу;
    32. Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу;
    33. Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу;
    34. Музыкалық аспаптарды жөндеу;
    35. Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;
    36. Велосипед жөндеу;
    37. Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;
    38. Шаштараздардың, сұлулық салондарының қызмет көрсетуі;
    39. Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі;
    40. Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі.
    Қазақстанда "жеңілдетілген" салық режимімен кім жұмыс істей алады: толық тізім жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.