jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Жаңа салық кодексі": МКД такси жүргізушілері мен курьерлер үшін маңызды хабарландыру жасады

    Такси жүргізушісі
    Такси жүргізушісі. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер департаменті такси жүргізушілері мен курьерлер үшін маңызды хабарландыру жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Департамент 2025 жылғы 18 шілдеде елімізде жаңа Салық кодексі бекітілгенін еске салды. Ондағы негізгі жаңалықтардың бірі – арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылуы. Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оңайлатылған декларация бойынша және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер ғана сақталды.

    Осы орайда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге, әсіресе өзіне қолайлы режимде жұмысын жалғастырғысы келетіндерге, өтпелі ережелерді қатаң сақтаудың маңызды екенін ескертеді.

    "Такси жүргізушілері, курьерлер және осыған ұқсас қызмет көрсететін тұлғалар келесі ақпаратқа назар аударуы қажет. Егер бұған дейін патентте немесе арнайы мобильдік қосымша арқылы жұмыс істеген жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін "жаңа" оңайлатылған декларация режиміне көшу туралы хабарлама бермесе, олар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады және егер режим талаптарына сәйкес келсе, қызметін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде жалғастыра алады", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ департамент оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық режимі бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат жариялады.

    "2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы салық режимдерін қолданған және "жаңа" оңайлатылған декларация режиміне өтуді жоспарлаған салық төлеушілер, көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей тапсыруы тиіс, әйтпесе олар жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады және оңайлатылған декларацияға тек бір жыл жұмыс істегеннен кейін ғана өте алады", - делінген хабарламада.

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді жаңа Салық кодексінің нормаларымен алдын ала танысып, қалаған салық салу режимінде қалу үшін қажетті хабарламаларды уақытылы тапсыруға шақырады.

    "Жаңа салық кодексі": МКД такси жүргізушілері мен курьерлер үшін маңызды хабарландыру жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.