jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда автокөліктер жаппай тексеріліп жатыр: жүргізушілерге салынған айыппұл 653 млн теңгеден асқан

    Алматы қаласы
    Алматы: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда ауа сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Ауаны ластайтын қалдықтардың шамамен 60 пайызы автокөліктерден шығатындықтан, экологтар мен полицейлер рейд жасауда. 2025 жылы жүргізушілерге салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 653 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдерінің айтуынша, атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар аясында экологиялық қызмет мамандары полиция департаментімен бірлесіп жолда рейдтер жүргізуде. Eco Almaty ЖШС-нің жылжымалы зертханалары көлік құралдарынан ауаға тарайтын қалдықтар деңгейін оқиға орнында өлшейді.

    Әкімдік мәліметінше, 2025 жылы Eco Almaty және "Ренессанс плюс" компаниясының қызметкерлері 186 мыңнан астам өлшем жүргізіп, 20 мыңға жуық хаттама жасады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 653 млн теңгеден асты.

    Жоспар аясында қатты отынды қолданатын қоғамдық тамақтану орындары – кәуапханалар мен моншаларды анықтау бойынша жұмыстар да қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

    Еске сала кетейік, Алматыда "Алматы қаласының аумағында атмосфералық ауаны қорғау саласындағы арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы" жаңа ережелер жобасы әзірленген. Құжат қазір келісу рәсімінен өтіп жатыр. Ереже халық пен бизнеске қолдау шараларын енгізуге, экологиялық технологияға көшуге және автопаркті жаңартуға құқықтық негіз қалыптастырады.

    Ережелер қабылданғаннан кейінгі нәтиже жан-жақты болмақ. Негізгі ластаушы ретінде автопарк басты экологиялық бақылауға алынады. Енді III санаттағы кәсіпорындар да жаңа талаптарға бағынады: олар экологиялық нормаларды сақтауға және тексеруден өтуге міндетті. Сонымен қатар ауа сапасын жедел бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай мониторинг жүйесі құрылып, тұрғындарға ашық деректер ұсынылады. Қалада LEZ аймақтар пайда болады. Бұл көлік қозғалысына экологиялық талаптар енгізілетін аумақтар, олардың мақсаты – ауа ластануын азайту және қалалық ортаны жақсарту.

    Алматыда автокөліктер жаппай тексеріліп жатыр: жүргізушілерге салынған айыппұл 653 млн теңгеден асқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.