Қандай мобильді аударымдар күмән тудыруы мүмкін: Қаржы министрлігі өкілі жауап берді
Опубликовано:
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы пікір білдіріп, қандай аударымдар күмән тудыруы мүмкін екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Егер адам үш ай ішінде 100 түрлі тұлғадан аударым алса, бұл күмәнді. Оған той немесе туған күніне деп әр ай сайын түрлі адамнан ақша түсуі мүмкін емес қой?
Әріптестерінен жинаған болса, жарайды. Оны көріп отырамыз. Қандай да бір керек-жарағына жинаса, біз білеміз. Бірақ ол тауар сатса және түрлі адамнан әр түрлі сомада ақша түссе, оны да көріп отырамыз", - деді Біржанов.
Десе де, мұндай деректер болған жағдайда да, салық қызметкерлері бірден айыппұл төлетпейді, деп сендірді шенеунік.
"Біз хабарлама жібереміз, түсіндіруді, "неге шоттарыңызға ұдайы түрлі адамнан ақша түсіп тұрады" деп сұраймыз", - дейді вице-министр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2335869-qandai-mobildi-audarymdar-kuman-tudyruy-mumkin-qarzhy-ministrligi-okili-zhauap-berdi/