Алматыда монша мен жеке үйлерде көмір жағуға тыйым салынады: айыппұл мөлшері қандай
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда Атмосфералық ауаны қорғау ережесі бекітілді. Тұрғындарға енді монша мен басқа да үй-жайда көмір және сұйық отын жағуға тыйым салынады, ал ереже бұзғандарға 2027 жылдан бастап айыппұл салынады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ порталынан оқыңыз.
Бұған дейін Алматы қаласы мәслихаты Атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидаларын бекіткені хабарланған еді. Бұл ереже мегаполистегі ауаның ластану деңгейін төмендетуге бағытталған.
Нақтырақ айтқанда, жаңа ереже бойынша жыл сайын 112 700 тонна зиянды қалдық шығаратын автокөліктерге бақылау күшеймек. Дегенмен шектеулер мұнымен тоқтамайды.
Ереже қала тұрғындарына, әсіресе Алматыдағы жеке тұрғын үйлерде тұратындарға да қатысты. Мысалы, "ластайтын заттар деңгейі төмен газдандырылған аудандарда моншалар мен басқа да үй-жайларды қатты немесе сұйық отынмен жылытуға тыйым салынады.
"Алматы қаласының газдандырылған аудандарында кәсіпорындар өндірістік қажеттіліктері үшін, жеке тұрғын үйлердің жылыту қазандықтары, моншалар немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерді жылытатын жеке қазандықтар қатты және сұйық отынды пайдаланбайды, тек төтенше жағдай кезінде, яғни, резервтік жылу және энергия көздері пайдаланылатын жағдайларды ғана қолдануға рұқсат етіледі, - деп көрсетілген ережелерде.
Ереже бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚК) 324-бабы бойынша жазаланады:
жеке тұлғалар үшін – ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 2026 жылы 43 250 теңге;
шағын бизнес үшін – 15 АЕК (64 875 теңге);
орта бизнес үшін – 20 АЕК (86 500 теңге);
ірі бизнес үшін – 100 АЕК (432 500 теңге).
Бұл ереже қол қойылғаннан кейін бір жылдан кейін, яғни 2027 жылы күшіне енеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/fines-and-taxes/2337027-almatyda-monsha-men-zheke-uilerde-komir-zhaguga-tyiym-salynady-aiyppul-molsheri-qandai/