jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астаналық кәсіпкерлерге салық мәселесіне қатысты ескерту жасалды

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Астана қаласының әкімдігі кәсіпкерлер үшін маңызды хабарландыру жариялады, деп жазады елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әкімдік кәсіпкерлерге салық мәселесіне қатысты ескерту жасаған.

    "2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы салық режимдерін қолданған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2026 жылға 28 ақпан дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынулары қажет.

    Хабарлама ұсынылмаған жағдайда автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстыру немесе жеке кәсіпкер ретінде есептен шығару жүргізіледі", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді.

    Осыған байланысты бұған дейін Мемлекеттік кірістер департаменті такси жүргізушілері мен курьерлер үшін маңызды хабарландыру жасаған еді.

    Астаналық кәсіпкерлерге салық мәселесіне қатысты ескерту жасалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.