jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Салық берешегін өндіріп алу: қандай жағдайда шот бұғатталады

    Банк картасы мен ақша
    Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің басшысы Қайсар Арын Instagram желісінде тікелей эфирде жаңа Салық кодексіне сәйкес салық берешегін өндіріп алуға қатысты ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Instagram желісіндегі парақашасында Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің Берешекпен жұмыс істеу басқармасының басшысы Қайсар Арын қарыз сомасы бойынша саралау енгізілгенін және оны өндіріп алу үшін қандай шара қабылданатыны туралы айтты.

    "Егер салық берешегі 20 АЕК-тен (86 500 теңге - ред.) асып кетсе, айыппұл салынады және хабарлама жіберіледі. Содан кейін, мерзімге сәйкес, банк шоттары бойынша шығыс операциялары, сондай-ақ қолма-қол ақша алу және инкассациялық операциялар тоқтатылады. 45 АЕК-ке дейін (194 625 теңге - ред.) біз осы әдістермен де, өндіріп алу шараларымен де айналысамыз", - деді ол.

    Осы және басқа да шаралар қарыз 45 АЕК (194 625 теңге) асқан жағдайда қолданылады.

    "Осы шаралардың барлығы да қолданылып жүр. Кейіннен дебиторлық берешек дебиторлардың шоттарынан өңделеді, егер болса, мүлік тізімі жасалады, акциялары шығарылып, сатылады, салық төлеуші мойындамайынша, сот шешімімен банкрот деп жарияланады", - деді спикер.

    Салық берешегін өндіріп алу: қандай жағдайда шот бұғатталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.