jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев: Салық жүйесін жаппай цифрландыруға шұғыл кіріскен жөн

    Салық құжаттары мен түбіртегі, калькулятор
    Салық түбіртегі мен калькулятор: pixabay.com

    Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексі іске қосылғалы бері қандай нәтиже көрсеткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Президент жаңа Салық кодексінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек екенін мәлімдеді. Айтуынша, жаңа салық-бюджет саясаты экономиканы орнықты дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағдарлануы қажет.

    "Биыл күшіне енген Салық кодексі экономикадағы ашықтық пен тәртіпті күшейтуге ынталандырады. Қазірдің өзінде алғашқы оң нәтижелерін көріп отырмыз. Экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі іске қосылғалы бері 180 мыңнан астам жаңа салық төлеуші заң аясында әрекет ете бастады.

    Үкіметтің бағалауынша, салық реформасының нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 трлн теңге түседі", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы бұл жоспар көңілге сенім ұялататынын айтады.

    "Бірақ қайталап айтамын: белгіленген көрсеткіштерге шамадан тыс салық салу, бизнесті заңсыз немесе негізсіз қыспаққа алу есебінен жетуге болмайды.

    Бюджетті тиімді салықтық әкімшілендіру арқылы толықтыруға болады деп ойлаймын. Сондықтан салық жүйесін жаппай цифрландыруға шұғыл кіріскен жөн", - деді ол.

    Тоқаев: Салық жүйесін жаппай цифрландыруға шұғыл кіріскен жөн

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.