jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    1991-2019 жылдары жұмыс істегендерге жәрдемақы төленеді деген ақпарат рас па

    : Original

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мессенджерлерде таралған 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін жұмыс істейтін адамдарға МӘСҚ-дан төленетін төлемдер туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 1991-2019 жылдар аралығында жұмыс істетеген азаматтарға 600 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеп жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік және босану немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың қосымша деңгейі болып табылады.

    Яғни, барлық осы жағдайларда жүйеге қатысушы немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыға қосымша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады.

    МӘСҚ барлық азаматтарға бейресми дереккөздердегі ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салды.

    МӘСҚ қызметі туралы өзекті ақпарат

    www.gfss.kz

    ресми интернет-ресурсында ұсынылған.

    Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақыны үш жылға дейін төлеу туралы ұсыныс қаралып жатқанын хабарлаған.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    1991-2019 жылдары жұмыс істегендерге жәрдемақы төленеді деген ақпарат рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.