jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Парламент депутаты құтқарушылардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды

    ТЖМ қызметкері
    ТЖМ қызметкері. Көрнекі фото: ortcom.kz

    Сенатор Сергей Ершов премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында ТЖМ жедел-құтқару жасақтарының қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселені көтерді. Оның ішінде зейнетке шығу жасын төмендету де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Сенатор құтқарушылардың зейнетке 63 жаста шығуын дұрыс емес деп санайды. Себебі, олар өте қауіпті жағдайлардың ортасында жұмыс істейді.

    Бұл ретте, Сергей Ершов құтқарушыларға еңбек зейнетақысын мерзімінен бұрын беруді көздейтін кейбір елдерді мысалға келтірді.

    "Құтқарушыларға мәртебесін арттыру мақсатында құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері деңгейінде тұрғын үй төлемдерінің тәсілдері мен тетіктерін беру қажет деп санаймыз", – дейді ол.

    Сонымен қатар депутат құтқарушылардың жалақысы да аз екенін атап өтті.

    "Құтқарушының лауазымдық жалақысы биылдың 1 қаңтарынан бастап 23 пайызға өскенін есепке алғанда, 105 208 теңгені құрайды. Біздің ойымызша, мұндай қауіпті кәсіп қызметкері үшін бұл жеткіліксіз. Өйткені, бұл мамандар күн сайын құтқару жұмыстарын атқарады және өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", – дейді Сергей Ершов.

    Парламент депутаты құтқарушылардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.