jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    2025 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы қанша пайызға өсті

    Зейнетақы
    Көзілдірік, теңге мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда бүгіннен бастап базалық зейнетақы 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті. Қазақстандықтардың зейнетақы мөлшеріндегі өзгерістері туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

    2025 — 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақыны — 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген.

    Оған қоса мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарысын — 120%-ына дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру көзделді.

    Оған сәйкес бүгіннен бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылып, нәтижесінде 32 360 теңгені құрады. Ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 105-тен 110%-ына дейін арттырылып, 50 851 теңгеге жетті.

    Мәселен, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңгені құрады. Оның ішінде базалық зейнетақы төлем — 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы — 111 278 теңге. 

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы — 50 851 теңгені, ынтымақты зейнетақы — 120 737 теңгені құрайды. 

    Айта кету керек, талған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейді.

    Сонымен 2025 жылы зейнет жасы өзгермейді. Ерлер — 63 жас, әйелдер — 61 жас болып қалады.

    2025 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы қанша пайызға өсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.