jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Зейнетақы қорындағы ақшаны тіс емдеуге пайдалану уақытша тоқтатылады

    Тіс емдеу
    Тісін емдету. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Отбасы банк" мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады.

    Аталған күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді.

    Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, жақында мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов БЖЗҚ-дан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 миллиард теңгені заңсыз шығару фактілері анықталғанын айтқан еді.

    Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БЖЗҚ-дағы "Шекті мөлшерден артық қаражатты шешіп алуға тыйым салынуы мүмкін бе", деген сұраққа жауап берген болатын.

    Зейнетақы қорындағы ақшаны тіс емдеуге пайдалану уақытша тоқтатылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.