jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Зейнетақы жарнасын тіс емдеу үшін пайдалануға тыйым салу әділетті ме: вице-министр жауабы

    Тіс емдеу
    Тісін емдету. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау вице-министрі мәжіліс кулуарында стоматологиялық қызметке зейнетақы жарнасын пайдалануға тыйым салу қаншалықты әділетті екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерболат Оспановтың айтуынша, бүгінге дейін белгісіз компаниялар БЗЖҚ қорынан 247 миллиард теңгені шығарып алған.

    "Мұны ескерер болсақ, бұл дұрыс шешім деп есептеймін. Енді барлық тарапқа қатысты тексеру жүргізіледі, содан кейін тиісті шешім қабылданады. Әзірге бұл қызмет түрін алып тастайтын бұйрық жобасы бар, бірақ ол "Ашық НҚА"-да "қаралып жатыр", - дейді вице-министр.

    Еске сала кетейік, "Отбасы банк" өкілдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану үшін өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын мәлімдеген еді. Банктегілер enpf-otbasy.kz платформасы арқылы стоматологиялық қызметтерге өтінім беру мүмкіндігі 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін тоқтатылатынын хабарлаған.

    Сондай-ақ БЖЗҚ-дан тіс емдеуге 35 млн теңге алған қазақстандық туралы жазған едік.

    Кейін Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жарнасын стоматологиялық қызметтердің ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты нақты шешімін жариялады.

    Зейнетақы жарнасын тіс емдеу үшін пайдалануға тыйым салу әділетті ме: вице-министр жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.