jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    15 қарашадан бастап Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру шарты өзгереді

    Баспана
    Баспана алу. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Елімізде тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекке тұру үшін белгілі бір талаптарға сай болу керек. Биыл қарашаның ортасында ереже өзгереді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ порталынан біліңіз.

    Биыл 24 мамырдан бастап Қазақстанның барлық азаматы баспана кезегіне тұра алатын болды. Негізгі шарт – азаматтың соңғы бес жылда баспанасының болмауы.

    Ал 2025 жылғы қарашаның ортасынан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж жандарды есепке қою ережелері өзгереді.

    Үміткерлерге қойылатын талаптар жаңартылады. Келесі жағдайларда азаматтарды тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепке қоймайды:

    • соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде осы елді мекенде меншік құқығына арналған тұрғынжайы бар немесе болған жағдайда;
    • соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасында меншік құқығына арналған тұрғынжайы бар немесе болған жағдайда;
    • мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы бар болса;
    • ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер дәйексіз деректерді қамтыған болса;
    • бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған және жекешелендірген болса.
    • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алса.

    Яғни, бұрын кезекке қою ережелерінде болған алғашқы төрт тармаққа "жекешелендірілген тұрғын үйі бар және бұрын жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларға қатысқан азаматтарға тіркеуден бас тартылады" деген ереже қосылды.

    Егер қазақстандықтар бұл шарттарға сай келсе, тұрғын үйге кезекке тұруға өтініш бере алмайды.

    Бұл өзгерістер 2025 жылдың 15 қарашасында күшіне енеді.

    15 қарашадан бастап Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру шарты өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.