Ең төменгі жеткіліктілік шегі өсті: 2026 жылы қазақстандықтар БЖЗҚ-дан қанша қаражат ала алады
Опубликовано:
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін 2026 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БЖЗҚ-ның мәліметінше, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) есептеу, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Әдістемеге сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:
- ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
"Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10 пайызға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді", - делінген хабарламада.
2026 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі:
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/pension/2318768-zeinetaqy-zhinaqtarynyng-2026-zhylga-arnalgan-eng-tomengi-zhetkiliktilik-shegi-zhariialandy/