jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Енді қазақстандықтар пластикалық ота үшін де біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана алмайды

    Пластикалық ота
    Пластикалық ота. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Қазақстандықтар пластикалық ота жасату үшін де біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана алмайды. Қаражатты бұл мақсатта пайдалану бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды "Отбасы банкке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Отбасы банктің" мәліметінше, enpf-otbasy.kz платформасында стоматология мен офтальмология қызметтері бойынша БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар жаңа мақсатты жаппай таңдай бастаған.

    Ол – реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары. Әсіресе операциядан кейінгі тыртықтарды түзету және туа біткен ақауларды коррекциялау үшін сұраныс артқан.

    "Отбасы банк" мұндай өтінімдердің саны бойынша күрт өсімді байқaған. Бұрын банкке пластикалық ота үшін БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түссе, қыркүйекте олардың саны 123-ке, қазанда – 1 844-ке, ал қарашада – 3 878-ке жеткен.

    Желтоқсанның алғашқы 8 күнінде, офтальмологияға өтінім қабылдау тоқтағаннан кейін, пластикалық ота үшін БЗТ-ны пайдалану бойынша 2 093 өтініш түскен. Бұл – бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп.

    Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен.

    "Азаматтардың зейнетақы қаражатының мақсатты пайдаланылуын қадағалау – "Отбасы банктің" міндеті. Пластикалық оталарға деген қызығушылықтың күрт артқанын байқаған кезде, біз бұл жағдайдан БЖЗҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупін көрдік. Сондықтан осы бағыт бойынша өтінім қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болдық.

    "Отбасы банк" әрқашан ашық жұмыс істейді және клиенттердің мүддесін бірінші орынға қояды – бұл біздің қағидатты ұстанымымыз әрі әлеуметтік жауапкершілігіміздің көрінісі. БЖЗҚ-дағы қаражат – азаматтардың болашақ зейнетақысы. Иә, қазақстандықтар зейнетақы артылған қаражатын белгілі бір мақсаттарға пайдалана алады.

    Қазір осы мүмкіндікті желеу етіп, кейбіреулер БЖЗҚ қаражатын делдалдар арқылы заңсыз жолмен шешіп алып жатыр. Ал шын мәнінде, пайда тауып отырған – сол делдалдар. "Отбасы банкі" үшін ең маңыздысы – зейнетақы қаражатының нақты мақсатына жұмсалуын қамтамасыз ету және оны заңсыз баю құралына айналдырмау", - деді "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

    БЖЗҚ қаражатын "Операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары" мақсаты бойынша пайдалану үшін өтінім қабылдау enpf-otbasy.kz порталында 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап тоқтатылды.

    Қазіргі уақытта пластикалық операциялар үшін БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 6 294 өтінім қаралып жатыр. Бұл өтінімдердің барлығы қолданыстағы тәртіпке сәйкес өңделеді.

    Сонымен қатар азаматтарда өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өмірлік маңызды, құны жоғары және әрдайым қолжетімді бола бермейтін ем түрлеріне бағыттау мүмкіндігі сақталады. Мұндай медициналық қызметтерге мыналар жатады:

    • сирек (орфандық) ауруларды емдеу;
    • радионуклидтік және радиойод терапиясы;
    • радиохирургиялық емдеу;
    • протондық терапия.

    Бұдан бөлек, азаматтар зейнетақы артылған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады: тұрғын үй сатып алу, ипотеканы толық немесе жартылай өтеу, сондай-ақ "Отбасы банктегі" депозитті толықтырып, кейін баспана алу мүмкіндігі бар.

    Енді қазақстандықтар пластикалық ота үшін де біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана алмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.