jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Отбасы банк" біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ипотеканы жабуға өтінім қабылдауды уақытша тоқтатады

    Ипотекаға үй алу
    Ипотекаға үй алу. Көрнекі сурет: Witthaya Prasongsin/Getty Images

    "Отбасы банк" біржолғы зейнетақы төлемдерін есебінен ипотекалық қарыздарды ішінара немесе толық өтеу үшін өтінім қабылдауды 2 наурызға дейін тоқтатады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Отбасы банктің" мәліметінше, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілген.

    Бұл өзгерістер зейнетақы жинақтарының артығын жұмсауға болатын бір мақсатқа – "Отбасы банкіндегі" қарыздар бойынша берешекті ішінара және толық өтеуге қатысты. Аталған мақсат қазақстандықтарға ипотека бойынша ай сайынғы төлемдерді өтеуге мүмкіндік беріп келген.

    Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында "берешек" ұғымы "негізгі қарыз" ұғымымен алмастырылған.

    "Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, несие бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды ғана өтеуге болады. Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ай сайынғы төлемді толық жабу мүмкін болмайды.

    Несие бойынша сыйақы (пайыздар) және ай сайынғы төлем құрамына кіретін басқа да ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс", - делінген хабарламада.

    Банктің қашықтан көрсетілетін қызметтерін жаңа талаптарға бейімдеу мақсатында "Отбасы банк" БЗТ-ны пайдалана отырып, қарыздарды ішінара немесе толық өтеу үшін өтінім қабылдауды уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған.

    "enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 30 қаңтардан 31 қаңтарға қараған түннен бастап 2026 жылғы 2 наурызға дейін тоқтатылады.

    2026 жылғы 30 қаңтарды қоса алғандағы мерзімге дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережелерге сәйкес жұмыс тәртібінде қаралады", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ банк өкілдері енгізілген өзгерістер іс жүзінде қалай жүзеге асатынын түсіндірді.

    Мысалы, банк клиентінің зейнетақы жинағының артық сомасы 100 000 теңге. Ол осы қаражатты тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемді өтеу үшін пайдаланғысы келеді. Аталған ай сайынғы төлем келесі бөліктерден тұрады:

    • ай сайынғы төлемнің жалпы сомасы – 74 825 теңге;
    • тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы (пайыздар) – 6 175 теңге;
    • негізгі қарыз – 65 699 теңге.

    Бұрынғы ережелер бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу қызметін пайдалана отырып, клиент ай сайынғы төлемді толықтай біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) есебінен өтей алатын.

    Жаңа ережелерге сәйкес, клиент алдымен тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны төлеу үшін 6 175 теңге көлемінде өз қаражатын ағымдағы шотқа салуы қажет. Тек содан кейін ғана ол біржолғы зейнетақы төлемі есебінен 65 699 теңге мөлшеріндегі негізгі қарызды өтейді.

    Біржолғы зейнетақы төлемінің қалған бөлігі (100 000 – 65 699 = 34 301 теңге) қосымша түрде негізгі қарызды өтеуге бағытталады.

    "Отбасы банк" біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ипотеканы жабуға өтінім қабылдауды уақытша тоқтатады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.