jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады

    Қол ұстасқан бала мен әке
    Қол ұстасқан бала мен әке. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бастамашылық еткен қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы заң екінші оқылымда қабылданды.

    Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады.

    Тиісті нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

    Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты "жалғызбасты аналар" ұғымы "жалғызбасты ата-ана" деп өзгертіледі.

    Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.