jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Кішігірім бақ та бар": Лондонда ені 2 метр болатын үй сатылымға қойылды

    : UGC

    Лондонның оңтүстік-батысындағы Баттерси аймағында ені 2 м 13 см болатын үй сатылымға қойылды. Ерекше ғимараттың құны 1 миллион еуроға бағаланып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ realt.onliner.by-ге сілтеме жасап.

    Лондондағы ені 2 метр болатын үй 1 миллион еуроға бағалануда
    Фото: Savills: UGC

    Ені 2 м болса да, үйдің жалпы ауданы 98 шаршы метрді құрайды. Үйдің бірінші қабатында қонақ бөлме, екі жатын бөлме, ас үй, асхана, жуынатын бөлме және киім ауыстыратын бөлме бар. Екінші қабатта тағы екі жатын бөлме және мансард орналасқан.

    Лондондағы ені 2 метр болатын үй 1 миллион еуроға бағалануда
    Фото: Savills: UGC

    Үйдің аумағында кішігірім бақ бар.

    Лондондағы ені 2 метр болатын үй 1 миллион еуроға бағалануда
    Фото: Savills: UGC

    Баспананың қазіргі қожайыны оны 2014 жылы 837,5 мың еуроға сатып алған. Иесі үйде өмір сүруге қажеттінің бәрі бар екенін айтады.

    Лондондағы ені 2 метр болатын үй 1 миллион еуроға бағалануда
    Фото: Savills: UGC

    Үйге дизайнердің қадағалауымен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Баспана жиһазбен бірге сатылады. Лондонда осындай екінші нысанды табу қиынға соғады. Мұндай жылжымайтын мүлік үшін 1 миллион еуро өте тиімді баға болып саналады екен.

    Лондондағы ені 2 метр болатын үй 1 миллион еуроға бағалануда
    Фото: Savills: UGC

    Лондондағы ені 2 метр болатын үй 1 миллион еуроға бағалануда
    Фото: Savills: UGC

    Лондондағы ені 2 метр болатын үй 1 миллион еуроға бағалануда
    Фото: Savills: UGC

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құны 1 млн доллар тұратын зәулім үйлер жайлы жазған болатынбыз.

    Әлеуметтік желі қолданушысы риэлторлық сайттардың көмегімен әртүрлі америкалық штаттардан сатып алуға болатын жылжымайтын мүліктің тізімін құрастырған.

    Аумағы 300 шаршы метрден асатын 4-5 бөлмелі ғимараттардың дизайны кез келген жагды қызықтырмай қоймасы анық.

    "Кішігірім бақ та бар": Лондонда ені 2 метр болатын үй сатылымға қойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.