jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елордада жеңілдікпен берілетін пәтер алушылардың санаты кеңейтілді

    Баспана
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Нұр-Сұлтанда жеңілдікпен берілетін пәтер алушылардың санаты кеңейтілді. Енді әлеуметтік баспанаға медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, әлеуметтік саланың басқа да өкілдері, өрт сөндірушілер, мәдениет және спорт, полиция қызметкерлері де қатыса алады деп хабарлайды "Хабар 24".

    Одан бөлек, қала әкімінің айтуынша, тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін арттырлған.

    "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы екі жылдан бері жалғасып келеді. Бұған дейін мыңға жуық жас отбасы пәтер кілтіне ие болса, биыл 300 жас отбасыға баспана табыстау жоспарланып отыр.

    "Жылумен, сумен, электр желілермен, абаттандыру, инфрақұрылым жасау керек. Біздің болжам бойынша 2030 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 млн адам болады. Оған қазірден бастап дайындалу керек қой. Айта кетейік, биыл 7300 отбасы баспаналы болады. Жоспар бойынша келер жылы 40 үй, ал 2023 жылы тағы 20 үй салынып, үлескерлер мәселесі де шешімін табады", - дейді әкім Алтай Көлгінов .

    Елордада 48 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Былтыр бас қалада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Оның 80%-ы - жеке инвестиция. Биыл бұл көрсеткіш 3,2 млн дейін арттырылады дейді қала әкімі.

    "Нұр-Сұлтанда 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер берілсе, 2020 жылы 7 мыңнан астам пәтер табыс етілді. Ал биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік нысандардың "қадамдық қолжетімдігін" қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қойған болатын. Яғни жаңа тұрғын үй кешені салынып беріле салмай, бірінші қабаттарында "Үй маңындағы дәрігер" медициналық мекемелерін ашуды да қамтамасыз етіп келеміз. Олардың қатарында оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық көмек көрсету пункттері, полицияның тірек пункті және тағы басқа әлеуметтік нысан бар", - дейді қала әкімі Алтай Көлгінов.

    Елордада жеңілдікпен берілетін пәтер алушылардың санаты кеңейтілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.