jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандықтар неліктен баспана кезегінен шығарылып жатыр

    Баспана
    Баспана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков қазақстандықтар мемлекеттік қордан баспана алу кезегінен не себепті шығарылып жатқанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бақытжан Жүнісбеков бүгінде Қазақстанда баспана кезегінде 650 мың адам тұрғанын, оның 440 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататынын айтты.

    "Кезекті тазарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылдан бері кезекте тұрған 400 мың адамның жағдайы сарапқа салынды, олардың 330 мыңы тізімге енгізілетін параметрлерге сәйкес келмейді деп танылды.

    Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр. Бірақ жыл басынан бері 40 мыңға жуық адамды кезектен шығардық. Кезек азайып келеді, біз бұл процесті цифрландырдық. Кезекте тұрғанын және сәйкестігін растау қажет екендігі туралы хабарлама SMS түрінде жіберіледі", - деді ол.

    Айта кетейік, Шымкентте 1 тамыздан бастап тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталады.

    Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде "2-10-20 Бақытты отбасы", "5-10-20" бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек.

    Қазақстандықтар неліктен баспана кезегінен шығарылып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.