jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан қалаларында баспана бағасы қанша пайызға өскен

    Баспана мен теңге
    Баспана алу. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазанда Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалыпты қарқынмен – айына орта есеппен 1 пайызға өсті. Алайда Ақтау 9,9 пайыз өсіммен ерекшеленді. Басқа қалалар бойынша баспана бағасындағы өзгерісті KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

    "Крыша" порталының сарапшылары Қазақстан қалаларындағы пәтерлер бойынша ұсыныстарды бақылап, қазанда сатылымға шығарылған жылжымайтын мүлік бағасының орташа өсімі небәрі 1 пайыз болғанын анықтаған. Қыркүйекте Ұлттық статистика бюросының сарапшылары осындай өсімді тіркеді.

    Қазанда баға өсімі бойынша негізгі рекордшы Ақтау болды – мұнда баспана бағасы бір айдың ішінде 9,9 пайызға өсті. Басқа бұл көрсеткіштен төмен өсім көрсетті:

    • Көкшетау – 2 пайыз;
    • Алматы және Өскемен – 1,6 пайыз;
    • Түркістан – 1,3 пайыз;
    • Ақтөбе – 1,2 пайыз;
    • Астана және Шымкент – 1,1 пайыз;
    • Талдықорған және Қызылорда – 1 пайыздан аспайды.

    1 пайыз шегінде төмендеу Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Тараз, Қостанай қалаларында тіркелген.

    Жыл басынан бері он қалада баспана бағасы көтерілген. Ең жоғары өсім Ақтауда тіркелді – 13,3 пайыз.

    Бұл ретте сегіз қалада пәтер құны арзандады. Бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды көш басында тұр – 2,2 пайыз. Ел бойынша орташа алғанда баға 1 пайызға өскен.

    Қазақстан қалаларында баспана бағасы қанша пайызға өскен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.