jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада тұрғындарды пәтерге тіркеу тәртібі өзгереді

    Пәтер есігі
    Пәтер. Көрнекі сурет: simpson33 / Getty Images

    Астана қаласының билігі тұрғындарды тіркеуге алу тәртібін өзгертуді қолға алды. Қалалық полиция департаменті өкілі бір пәтерге қанша адамды тіркеуге болатыны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.

    Астана қаласы полиция департаменті өкілі Қанай Жұмабековтің айтуынша, бір пәтерге нақты қанша адамды тіркеуге болатыны заңмен реттелмеген, сол себепті ірі қалаларда бір мекенжайға мыңнан аса адамды тіркеу деректері анықталып отыр.

    "Көші-қон заңнамасына тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселесіне қатысты өзгерістер қарастырылып жатыр. Мәселен, пәтерге адамды тіркеу кезінде әр адамға 15 шаршы метр белгіленбек. Бірақ сол үйде тұрып жатқан отбасы мүшелері есепке алынбайды.

    Демек, пәтер иесінің өзі, жұбайы, ата-анасы, балалары есептелмейді, басқа адамдар ғана есептеледі. Бұл жағдайда, мысалы, пәтер аумағы 60 шаршы метр болса, онда бөтен 4 адамды ғана тіркеуге тұрғызу мүмкін болады", - деп түсіндірді Қанай Жұмабеков.

    Жақында көші-қон туралы заңнаманы өзгертуді көздейтін заң жобасы мәжіліске түскен. Құжат жергілікті мәслихатқа азаматтарды Астана қаласында тұрақты және уақытша тіркеу мәселесі бойынша өкілет беруді қарастырады. Заң жобасын депутаттар талқылап жатыр.

    2024 жылғы қазандағы ресми дерек бойынша, Астана қаласында 1,5 миллионнан аса адам тұрады. Астана халық саны жөнінен республикада Алматыдан кейінгі екінші ірі қала.

    Астанада тұрғындарды пәтерге тіркеу тәртібі өзгереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.