jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда тектоникалық жырықта орналасқан 70-тен аса үй сүріледі

    Ескі үй, сымда отырған құстар
    Ескі үй. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматы қаласында 600-ден аса ескі үй сүріледі, олардың арасында тектоникалық жырықтардың үстінде ораласқандары да бар. Жоспарлау және урбандау қалалық басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы мәслихатының кезекті сессиясында Боранбаев тозығы жеткен үйлерді жаңалау бағдарламасы туралы айтты. Баяндамада ескі үйлерді сүру тақырыбы да қозғалды.

    "Жаңарту механизмдері кем дегенде 676 үйді сүруге мүмкіндік береді. Солардың ішінде 71 үй тектоникалық жырықтың үстінде орналасқан. Шамамен 7500 баспана иесі 2030 жылға дейін жаңа пәтерге көшеді. 2024 жылы бюджет есебінен 1100 шаршы метрді 30 млрд теңгеге сату қарастырылған", - дейді спикер.

    Оның айтуынша, сүрілген үйлер орласқан жерге түсетін жаңа ғимарат құрылысы Бас жоспарға сай жүргізіледі.

    Бұған дейін Алматының Жетісу ауданында ескі және сейсмоқауіпті деп есептелген ондаған үй сүрілген. Түрғындар жаңа пәтерлерге көшірілген.

    Осының алдында Алматы тұрғындары қала әкімінің Түріксіб ауданы халқымен кездесуінде апатты үйлерді сүру мәселесін шешіп беруді сұраған.

    Алматыда тектоникалық жырықта орналасқан 70-тен аса үй сүріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.