RU
Қаржы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Forbes тізіміне енген қазақстандықтардың бесеуі Трамптан бай болып шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша ұстап отырған ер адам
Ақша ұстап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Forbes журналы планетаның ең бай адамдарының жаңа тізімін жариялады, оған алты қазақстандық енген. Тізімдегі бес қазақстандық кәсіпкер АҚШ президенті Дональд Трамптан да бай болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстаннан алты адам планетаның ең бай адамдарының қатарында.

Қазақстандықтар арасында рейтингте барлығынан ең жоғары тұрған – Вячеслав Ким, ол 7,1 млрд доллар байлығымен 464-орында.

Одан кейін Тимур Турлов 5,8 млрд доллар байлығымен 605-орынға тұрақтаған.

Қазақстандық бизнесмендер арасында үшінші орында – Владимир Ким, ол рейтингтің 620-шы сатысында тұр, оның байлығы 5,7 млрд долларға бағаланады.

Әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 673-орында Динара және Тимур Құлыбаевтар тұр. Олардың байлығы 5,3 млрд долларға бағаланады.

Forbes рейтингіндегі қазақстандықтар арасында соңғы орында 3,7 млрд доллар байлығымен Болат Өтемұратов тұр.

Бір қызығы, АҚШ президенті Дональд Трамп тізімде 711-орында, оның байлығы 4,9 млрд долларға бағаланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2232342-forbes-tizimine-engen-qazaqstandyqtardyng-beseui-tramptan-bai-bolyp-shyqty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif