RU
Қаржы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстанда банктер 21 жасқа толмаған азаматтарға онлайн карта беруді тоқтатуы мүмкін

Жарияланған күні:

Банк картасы
Банк картасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде банктер 21 жасқа толмаған азаматтарға онлайн карта беруді тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дропперлік, есірткі айналымы, қаржы пирамидалары мен онлайн казиноның қызметіне шектеу қою мақсатында үкіметке осындай ұсыныс тастады.

Жоба мақұлданса, қазақстандықтардың маркетплейстерде және өзге де интернет сайттарда 500 мың теңгеден артық сомаға жасаған саудасы, шетелдік ақша аударымдары қатаң бақылауға алынады. Бұл туралы банктер құзырлы органдарға хабарлауға міндеттеледі.

Бұдан бөлек, әр азамат өз атына тіркелген тек бір ғана байланыс нөмірін банктік картасына тіркей алады. Ал 18 бен 21 жас аралығындағы клиенттерге қазіргідей қашықтан немесе өкіл арқылы төлем картасын қайта шығаруға тыйым салынады. Банкке міндетті түрде өздері келуге тиіс.

"Алаяқтар жастарға онлайн ақша табуға уәде беріп, олардың банктік деректемелерін ұрлайды немесе оларды алдап, дропперлікке тарта отырып, шоттарынан заңсыз төлемдер мен аударымдар жасауға итермелейді. Сонымен қатар банктер клиентке бірнеше төлем карточкасын шығарған кезде шот бойынша ақша қозғалысының карточканы шығару мақсатына сәйкес келуін мониторингтейтін болады. Алаяқтардың қаскүнемдік ықпалынан және алдаудан қорғау мақсатында 14-18 жас аралығындағы жастардың операцияларын ата-анасы немесе өзге де қамқоршылары міндетті түрде тексеруін енгізу ұсынылады", - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының басшысы Ерлан Сәрсенбекұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2233275-qazaqstanda-bankter-21-zhasqa-tolmagan-azamattarga-onlain-karta-berudi-toqtatuy-mumkin/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif