jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Төрт күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтардың жалақысы қандай

    Кеңседе отырған қызметкер. Көрнекі сурет
    Кеңседе отырған қызметкер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков 4 күндік жұмыс аптасына көшкендер қандай жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Басылымның министрлік өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанның Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістердің бірі 4 күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі.

    "Қолданыстағы еңбек кодексі бойынша 2015 жылдан бастап жұмыс берушілерге 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат берілген. 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодекс аясында 4 күндік жұмыс аптасы 5 немесе 6 күндік жұмыс апталарымен ауысып келетін жаңа жұмыс режимі ретінде енгізілді", - деді Шалқар Оразбеков.

    Ал жалақы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің еңбекақысы орындалған жұмыс көлеміне қарай есептеледі. Егер жұмыс күндерінің саны қысқарса, сәйкесінше жалақы да пропорционалды түрде азаяды.

    "Жұмыс беруші 4 күндік жұмыс аптасын енгізе отырып, бұрынғы 5 күндік жұмыс режиміндегі жалақыны сақтап қаламын десе, оған заң бойынша ешқандай шектеу жоқ", - дейді басқарма басшысы.

    Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасына ресми түрде ауыса алады. Еңбек кодексіне тиісті өзгеріс енгізілді.

    Сондай-ақ бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы және толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын кезектестіру құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат берілген. Жексенбі ортақ демалыс күні болып саналады. Айта кетерлігі, төрт күндік жұмыс аптасына көшкендерге үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленбейді.

    Төрт күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтардың жалақысы қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.