jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін бе: министр жауап берді

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін парламент мәжілісінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова тілшілердің зейнетақы жинағына қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің жазуынша, БАҚ өкілдері министрден: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден артық қаражатты шешіп алуға тыйым салынуы мүмкін бе? Әлде, шекті мөлшердің деңгейі едәуір өсе ме?" - деп сұраған.

    Өз кезегінде Светлана Жақыпова биылғы жолдауда мемлекет басшысы үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға қатысты тапсырма бергенін еске салған.

    "Осы орайда министрлік алаңында сарапшылар тобы құрылды. Оның құрамында Ұлттық банк пен агенттік төрағаларының орынбасарлары, еліміздегі білікті сарапшылар енді. Талқылау барысында тиісті қадамдарды пысықтаймыз.

    Сондықтан қазір БЖЗҚ-дан жинақты ерте шешіп алу тақырыбына, сондай-ақ тұжырымдамалық деректерге қатысты айту ерте. Себебі, осының бәрі сарапшалар тобында қаралады", - деді министр.

    Зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін бе: министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.