jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Автоөндірушілер гибридтерге басымдық бере бастады: оған не себеп

    Geely EXS
    Фото: Allur

    Ауадағы көміртегі қалдықтарын азайту мәселесі барлық ел үшін өзекті болып отыр. Сол себепті ірі автоөндірушілер түрлі шешім қарастырып жатыр, олардың ішіндегі ең оңтайлысы - гибрид көліктер.

    Түрлі болжам бойынша 2025 жылы гибрид көліктердің жаһандық нарығы 324,48 млрд АҚШ долларына жеткен, ал 2026 жылы 354,27 млрд долларға дейін ұлғаяды. Ал мұндай автокөліктердің көп бөлігі Азия-Тынық мұхиты аймағында тіркелген (әлемдік үлестің шамамен 40 пайызы).

    Бұл Қазақстан автонарығы мысалынан айқын байқалады: Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2025 жылғы 1 қазанында баламалы энергия көздері арқылы қуаттанатын көліктер арасында аралас отынмен жүретін жеңіл автокөліктер (393 мың бірлік), соның ішінде гибридтер көш бастап тұр. Салыстырмалы түрде алғанда, электрокарлардың саны небәрі 15,7 мың ғана.

    Нарық көшбасшылары

    Hybrid
    Көрнекі фото: depositphotos.com

    Жаһандық нарықта гибрид көліктер шығаратын жетекші өндірушілердің қатарында баламалы энергия көздеріне негізделген өзге де шешімдерді қатар дамытып келе жатқан ірі автоөндіруші компаниялар бар.

    Мәселен:

    • Toyota – пионер әрі кейбір деректерге сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында гибридтер сату бойынша 50%-дан астам үлеске ие абсолютті көшбасшы. Танымал модельдер қатарында Prius, Camry Hybrid және RAV4 Hybrid бар;
    • Hyundai (оның ішінде Kia) – Tucson Hybrid, Elantra Hybrid және Kia Niro Hybrid секілді инновация мен қолжетімді модельдерге басымдық беретін жылдам дамып келе жатқан топ;
    • Honda – АҚШ пен Азияда кең танымал Accord Hybrid және CR-V Hybrid сынды негізгі модельдерді өндіретін, сенімділік пен тиімділікке мән беретін өндіруші;
    • Ford – АҚШ нарығында мықты саналатын Escape Hybrid және F-150 PowerBoost модельдерді өндіреді.

    Алайда нарықта экологиялық таза көлік өндірушілерінің қатарында жетекші орынға шығып келе жатқан жаңа ойыншылардың ықпалы артып келеді. Соның айқын мысалы — Geely бренді. Компания нарықта өзінің орнын нықтап, Galaxy суббрендi арқылы одан әрі күшейтіп келеді.

    Geely EXS
    Фото: Allur

    Осылайша, қазақстандықтарға жақсы таныс бұл брендтің әлемнің әртүрлі нарығында бірнеше гибрид автокөлік үлгілері бар:

    • Geely Galaxy L7 – Galaxy желісіне кіретін ықшам гибрид кроссовер;
    • Geely EX5 EM-i (Қытайдың ішкі нарығында — Geely Galaxy Starship 7) – қуатты қосылатын агрегаты бар көлемі орташа гибрид кроссовер.

    Гибридтердің танымалдылығының сыры неде

    автокөлікті зарядтау станциясы
    Көрнекі фото: depositphotos.com

    Гибридтерге деген қызығушылық олардың келесі артықшылықтарының арқасында артып келеді:

    • Қолжетімділігі – электромобильдер экологиялық тұрғыдан тиімді болғанымен, әдетте премиум сегментке жатады және барлық тұтынушыға қолжетімді емес;
    • Отын үнемділігі – гибридтер әлдеқайда аз отын жұмсайды, бұл жаһандық баға өсімін ескергенде тиімді;
    • Қуаттауды қажет етпеуі – электромобильдерден айырмашылығы, гибридтерге арнайы қуаттау инфрақұрылымы қажет емес, сондықтан оларды шалғай аймақтарда да мінуге болады.

    Яғни гибридтер дәстүрлі отынды автокөліктер мен баламалы энергия көздеріне негізделген автолар мен машиналардың ең жақсы қасиеттеріне негізделіп жасалған, ал бұл оларды ыңғайлы етеді.

    Сонымен қатар бұл бағыттың дамуына гибридті шешімдерге жиі басымдық беріп отырған ірі автоөндірушілер де мүдделі концерндердің өздері де мүдделі. Олардың арасындағы өзара бәсекелестік те күн санап артып жатыр, нәтижесінде нарыққа жаңа, мықты ойыншылар шығып келеді.

    Автоөндірушілер гибридтерге басымдық бере бастады: оған не себеп

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.