jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    1 млн теңгелік жеңілдікпен: Қазақстан нарығында болашақ автомобильдердің жаңа бренді таныстырылды

    1 млн теңгелік жеңілдікпен: Қазақстан нарығында болашақ автомобильдердің жаңа бренді таныстырылды
    Фото: Allur

    Баламалы қуат көздері арқылы қуатталатын жаңа Geely Galaxу автомобиль бренді Қазақстанда ресми түрде шығарылатын болды. Қазірдің өзінде кез келген модельге алдын ала тапсырыс жасай отырып, оны 1 млн теңгелік жеңілдікпен алуға болады.

    Алматыда қазақстандық Allur автомобиль компаниясы ұсынып отырған жаңа Geely Galaxy брендінің таныстырылымы өтті.

    1 млн теңгелік жеңілдікпен: Қазақстан нарығында болашақ автомобильдердің жаңа бренді таныстырылды
    Фото: Allur

    Бренд Қазақстанда пайдалануға бейімделген Geely Holding шешімдеріне негізделе отырып жасалған. Таныстырылым New Energy, New Horizons деген ұранмен өтті, бұл Geely Galaxy-дің экологиялық технологиялар мен мобильділікті дамытудың жаңа қадамдарын енгізуге деген ұмтылысын көрсетеді.

    "Біз үшін Geely Galaxy-мен серіктестік орнату – жай ғана жаңа брендті ұсыну емес, ұзақмерзімді даму бағытына жол ашатын стратегиялық ынтымақтастық.

    Geely Holding әлемдегі ең ірі автомобиль брендтерін қанатының астында біріктіріп отыр, бұл серіктестік Қазақстанның жаңа энергетикалық технологиялардың жаһандық индустриясына кіруге бағытталған маңызды қадамы болып отыр.

    Біз Galaxy модельдеріне ТҚТМ (транспорт құралдары типін мақұлдау) сертификациясын аяқтадық, Қостанайдағы зауытта жаңа өндірістік желілерге дайындықты бастадық. Бұл заманауи модельдерді шығаруды масштабтауға және Allur-дің еліміздің автомобиль нарығындағы басты ойыншы ретіндегі рөлін нығайтуға мүмкіндік береді", - дейді Allur компаниясының президенті Оксана Холстинина.

    1 млн теңгелік жеңілдікпен: Қазақстан нарығында болашақ автомобильдердің жаңа бренді таныстырылды
    Фото: Allur

    Geely Galaxy қазақстандықтарға не ұсынады

    Қазақстан үшін жаңа бренд өз модельдерінде жаңа баламалы қуат көздерін қолдану арқылы әлемде танымалдылыққа ие болды. Бұл зиян қалдықтардың мөлшерін азайтып, қолданушылар үшін тиімділікті, үнемділікті және жайлылықты қамтамасыз етеді.

    Отандық нарық үшін шығын мен зиян қалдықтарды азайтып қана қоймай, сонымен бірге қуаттау станцияларын іздеу қажеттілігінсіз қалалар арасындағы үлкен арақашықтықты еңсеруге мүмкіндік беретін зияткерлік гибрид шешімдер аса өзекті болмақ.

    Қазіргі таңда қазақстандықтарға geely-galaxy.kz сайты немесе 6688 call- орталығы арқылы алдын ала тапсырысты рәсімдеген жағдайда 1 млн теңге жеңілдікпен Geely Galaxу-дің мына модельдері қолжетімді:

    • Galaxy EX5 EM-i гибридті кроссовері – дәстүрлі автомобильдердің ең жақсы қасиеттері мен экологиялық жаңа шешімдерді біріктірген кроссовер. Ол 1 200 км-ден астам, оның ішінде EV-режимінде 150 км-ге дейінгі қашықтықты еңсере алады. Күшейтілген аспасы, аса жарық сәулесі және Hybrid пен Performance режимдерінің қолжетімділігі оны Қазақстан жолдарының кез келген жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді.
    • Электрлі Galaxy EX5 – заманауи мультимедиялық жүйесі бар және 450 км-ге дейін жүріс қоры бар кроссовер. 30 минут ішінде жылдам қуатталу, ShenDun Golden Battery жаңа буын батареяларының қысқа бейімделуі, сондай-ақ жайлы әрі бірқалыпты жүрісі ыңғайлылықты, үнемділікті және қоршаған ортаға пайдасын қамтамасыз етеді.
    • CityRay қалаға арналған кроссовер – жылдамдығымен, үнемділігімен және жоғары технологиялық жабдықталуымен ерекшеленетін динамикалық модель.
    • Бизнес-седан Preface – Volvo-ның CMA премиум платформасы негізінде жасалған, жолда аса жайлы және тұрақты модель. Оның жүрісі жұмсақ, сыртқы шудан жақсы қорғалған, іші кең, мультимедиялық жүйесі дамыған және зияткерлік ассистенттері бар модель.

    Желтоқсанда Geely Galaxу-дің Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе мен Көкшетаудағы жаңа дилерлік орталықтарында сатылымдар ашылады.

    1 млн теңгелік жеңілдікпен: Қазақстан нарығында болашақ автомобильдердің жаңа бренді таныстырылды
    Фото: Allur

    Бұл ретте жаңа бренд өндірісі Қазақстанда орналасқан, ал бұл елдің экономикалық дамуына үлесін қосады.

    1 млн теңгелік жеңілдікпен: Қазақстан нарығында болашақ автомобильдердің жаңа бренді таныстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.