jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    2,3 млрд теңге: Ерболат Досаев пен әйелінің жылдық табысы туралы мәліметтер жарияланды

    Ерболат Досаев
    Ерболат Досаев. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев пен оның жұбайының және басқа да лауазымды тұлғалардың зайыбының 2024 жылғы кірістері туралы мәліметтер жарияланды. Бұл туралы Ақорда порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Құжатта көрсетілгендей, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер бойынша, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың 2024 жылғы табысы 14 019 492 теңге болса, әйелі Гүлнәр Досаеваның табысы 2 338 455 678 теңге болған.

    Сонымен қатар құжатта Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің, президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің, президенттің кеңесшісі Алексей Цойдың және Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Батыржан Байжұмановтың аты-жөні көрсетілген.

    Алайда олардың табысы туралы мәліметтер жарияланбаған. Десе де жұбайларының кірісі туралы мәліметтер көрсетілген.

    Бұл жердегі ең жоғары жылдық табыс 48 миллион теңгеден аспайды, ең төменгі цифр – 1 миллион теңге, ол Алексей Цойдың әйелінің жылдық табысы ретінде көрсетілген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі лауазымды тұлғалардың 2024 жылғы кірістері, соның ішінде ведомство басшысы Серік Жұманғариннің әйелі Сәния Садықованың табысы туралы ақпарат жариялаған еді.

    2,3 млрд теңге: Ерболат Досаев пен әйелінің жылдық табысы туралы мәліметтер жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.