"700 мың адам тұрақты түрде айналысады": қазақстандықтар соңғы жылы бәс тігу арқылы 4 трлн теңгесінен айырылған
Опубликовано:
Қаржы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 700 мыңға жуық азамат букмекерлік кеңселер арқылы тұрақты түрде бәс тігеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі ведомствода өткен цифрлық жобалардың таныстырылымында хабарлады.
Қазақпараттың хабарлауынша, Ержан Біржанов заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін букмекерлік кеңселерден түсетін салықтық аударымдар көлемі азайғанын айтқан. Соған қарамастан, саланың айналымы әлі де айтарлықтай жоғары болып отыр, дейді ол.
"Кейінгі бір жылдан астам уақыт ішінде тігілген бәстің жалпы көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті. Оның 1,2 трлн теңгесі ұтыс ретінде қайтарылған, яғни қайтарым деңгейі – 75 пайыз. Ал қалған 25 пайызы букмекерлік ұйымдардың үлесінде қалады. Қазіргі таңда шамамен 700 мың адам тұрақты түрде бәс тігумен айналысады", - деді вице-министр.
Осы көрсеткіштерге сүйенсек, елдегі ересектердің 15-20 пайызы букмекерлік ойын ойнайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз