Артық шығынсыз технологиялық автокөлік: Geely Galaxy көлігін айына 85 мың теңгеге алуға болады
Опубликовано:
Бүгінде Қазақстанда автомобильді жаңалау қолжетімді бола түсті және артық шығынды қажет етпейді. Ай сайынғы төлемі тиімді және қалтаға салмақ болмайтын жаңа технологиялық көлік мінуге мүмкіндік беретін бағдарламалар шығып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сатып алушылар жаңа автомобильді көп жағдайда саналы түрде, ұзақ мерзімді және есеппен жасалған салым ретінде қарап, таңдайтын болған. Сол себепті автоға кететін шығындарға, оның технологиялығы, қауіпсіздігі мен жайлылығына айрықша назар аударады.
Шарттары ыңғайлы бағдарламалардың бірі - Geely Galaxy ұсынып отырған «Галактикалық тиімділік», оның аясында қалаға арналған Geely Galaxy CityRay кроссоверін немесе Geely Galaxy Preface бизнес-седанын ай сайынғы төлем сомасы 85 мың теңге болатындай етіп сатып алуға болады.
Онда Еуразиялық банк арқылы несие рәсімдеу нұсқалары қарастырылған, ал бұл ай сайынғы төлемі жеңіл болатын сатып алудың ыңғайлы форматын таңдап алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны қазақстандық Allur автомобиль компаниясының портфеліне енетін Geely Galaxy бренді жүзеге асырады. Арнайы шарттар еліміздің алты қаласы, оның ішінде Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай мен Шымкентте қолжетімді.
Автоқаржыландыру түрлі банк ұсыныстарын біріктіретін және «бірыңғай терезе» режимінде автомобиль сатып алуға мүмкіндік беретін Allur Finance қаржы агрегаторы арқылы іске асады. Бұл клиент үшін процессті жеңілдетіп, таңдауға және шарттарды мақұлдауға келетін уақытты үнемдейді.
Одан бөлек қазақстандықтар қалауына қарай автосүйер қауымның көңілінен шығып үлгерген анағұрлым ыңғайды моделін таңдай алады.
Мәселен Geely Galaxy CityRay – белсенді өмір салтына арналған заманауи қала кроссовері. Шағын габариттері айқын дизайнымен және функционалды салонымен үндесіп, модельді қала ішінде күнделікті жүруге ыңғайлы етеді. CityRay цифрлық жабдықтар панелімен, көлік жүргізушіге көмек болатын зияткерлік жүйелермен және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бірқатар шешімдермен жабдықталған.
Аталған көлік моделі қала ішіндегі бағыттарға да, қала сыртына сапарға шығуға да мүмкіндік беретін әмбебап нұсқа саналады, Арнайы ұсыныс аясында Geely Galaxy CityRay бойынша ай сайынғы төлем 85 646 теңгеге тең.
Ал Geely Galaxy Preface премиалды жайлылық пен заманауи цифрлық технологияларға басымдық беретін бизнес-седан болып саналады. Салоны кең, эргономикасы ойластырылған, сапалы материалдармен өңделген көліктің руліне отырған сәттен бастап, бизнес-санат көлігінде отырғандай әсерде боласың.
Модель қауіпсіздік жүйелері кешенімен, электронды көмекшілермен және мультимедиалық шешімдермен жабдықталған, осы арқылы онымен сапарлау да ыңғайлы бола түседі. Preface абырой, жайлылық және күнделікті қолданыста технологиялы көлікке мән беретін жүргізушілерге арналған. Бұл модельді сатып алсаңыз, ай сайынғы төлем 92 660 теңге болады.
Мұндай қаржы бағдарламаларға деген сұраныс күннен күнге артып келеді, себебі потенциалды сатып алушылар ай сайынғы шығындар көлемін алдын ала түсінуге ұмтылады және бағасы, технологиялары мен функционалдығы жағынан тиімді болатын автомобильдерді таңдайды.
Бұл ретте Geely Galaxy қазақстандықтар автомобильден күтетіннің бәрін өз ішіне қамтитын, бастысы сатып алу шарттары ашық болатын анағұрлым тиімді шешім болып отыр.
«Галактикалық тиімділік» бағдарламасы алғашқы автокөлігін алуды жоспарлап жүргендер үшін де, көлігін ауыстырғысы келіп жүргендер үшін де жарамды. Қаржыландырудың икемді форматы сатып алуды белгісіз мерзімге шегермей-ақ немесе үйреншікті шығындар сомасын қайта қарамай-ақ көлік алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шарттары, қолжетімді жинақтама және модельдердің сатылымда бар-жоғы туралы толығырақ ақпаратты Geely Galaxy ресми дилерлерінен, сондай-ақ 6688 қысқа нөмері арқылы білуге болады.
*Ай сайынғы төлем таңдап алған жабдық пен алғашқы төлем сомасына байланысты өзгеруі мүмкін. Бағдарламаны таңдау үшін Geely Galaxy дилерлік орталықтарына жүгініңіз. ҚР Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.68/242/40 лицензиясы. Банк шарттары туралы ақпарат eubank.kz сайтында бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2336172-artyq-shygynsyz-tehnologiialyq-avtokolik-geely-galaxy-koligin-aiyna-85-myng-tenggege-aluga-bolady/